Loading...

Компания туралы

«КЭМП-ВОСТОК» ЖШС - негізі 2007 жылы қаланған қазақстандық алтын өндіру компаниясы. 2015 жылдың басына қатысты компанияның жер қойнауын пайдалануға 11 келісім-шарты бар, оның ішінде бірнеше алтын кен орны. Жобалар тау-кен байыту өндірісіне техникалық-экономикалық негіздеуді дайындау сатысында. Барлық кен орындары Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Бас кеңсе Өскемен қаласында орналасады.

Миссия

КЭМП-ВОСТОК компаниясының миссиясы жер қойнауын пайдалану бойынша  операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын оңтайлы, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде. Біз өндірістік қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығының жағдайына әсер етуін барынша төмендету үшін көп күш жұмсаймыз.

Жергілікті қоғам алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, КЭМП-ВОСТОК жергілікті әкімшілікпен бірге біздің компания ұсынылған аумақтарда спортты және білімді дамытуға белсенді қатысуда.

Стратегия

КЭМП-ВОСТОК – жас компания. Осыған қарамастан біз ғаламдық экономикалық дағдарыстар, әлемдік нарықтардағы алтын құнының шарықтауы мен құлауының куәгерлері болып үлгердік, алайда, аяғымызда нық тұрып, таңдалған бағытымызға және құндылықтарымызға адалмыз.

Алтынның салыстырмалы төмен нарықтық бағасында КЭМП-ВОСТОК бұрынғыдай операциялық тиімділікті жоғарылатуға бағытталуда. Күрделі қаржы жұмсалымының тиімді саясаты бізге тұрақты ақша ағынын түрлендіруге мүмкіндік береді. 2016 жылы жалпы қаржы жұмсалымы шамамен $25 млн. құрайтын болады.

Бүгінгі күні КЭМП-ВОСТОК қызмет етуші кеніштері, сонымен қатар, геологиялық барлау сатысындағы бірнеше кен орны бар. Біз Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жобаларымыздың әрбіреуіне инвестиция жұмсауды жалғастырудамыз. 2020 жылға жақын КЭМП-ВОСТОК барлық кеніштері өндіруді толық қуаттылықпен жүзеге асыратын болады.

Команда

Мырзахан Шакенов

(бас директор)

• Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек өтілі бар.

• Бизнес саласында, сондай-ақ, мемлекеттік басқарудағы үлкен жұмыс тәжірибесі. Мықты жетекшілік қасиеттер.

Дмитрий Титов

(директордың геология бойынша орынбасары)

• Геология саласындағы жұмыс тәжірибесі 35 жыл. Жетекшілік қызметтерде полиметалл, алтын және басқа кен орындарын іздеумен және барлаумен айналысты. 10 жыл мемлекеттік қызметте еңбек етті, мемлекеттік бюджеттік геологиялық зерттеулерге басшылық етті, Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға бақылау жүргізді.

• Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.

Александр Котельников

(техникалық директор)

• Тау-кен қазу саласындағы 20 жылдың жұмыс тәжірибесі. Кейінгі шоғырлы сілтісіздендіру әдісімен құрамында алтын бар кендерді өндірумен және өңдеумен, шоғырлы сілтісіздендіру әдісімен мыс кендерді өндірумен, ванадийдің бес оксидін өндірумен және автоклавты сілтісіздендіру әдісімен қайта өңдеумен айналысты. Кен орындарында кенді өңдеуді негіздеу үшін техникалық-экономикалық есептеулерді орындайды.

• Пайдалы қазбаларды байыту саласында мамандану, тау-химиялық өндірісті және қатты пайдалы қазбалар кен орындарының объектілерін энергетикалық қамсыздандыруды  жобалау.

Баспасөз орталығы

Бос орындар

Байланыстар

EN   RU   KZ

EN   RU   KZ